қамқоршылық кеңес отырысының № 3 хаттамасы » №17 орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » қамқоршылық кеңес отырысының № 3 хаттамасы
17
январь
2019

қамқоршылық кеңес отырысының № 3 хаттамасы

№ 17 орта мектептің

қамқоршылық кеңес

отырысының

 

№ 3 хаттамасы  

Өткізілген уақыты:             17.01.2019 жыл

Өткізілген орны:                  Акт зал

Отырыстың басталуы:      10.00 сағ.

Отырыстың төрағасы:      Г.Милиханов

Қатысқандар:      

1. Д.Тайжанова                         

2. А.Тасбатыров

3. А.Тасбатыров

4.Н.Дмитриева

5. Ж.Рысбаева

6.С.Оразбаева

Шақырылғандар: мектеп директоры Р.Н.Керейбаева,   директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Муканова             

Күн тәртібі:

<!-- [if !supportLists] --> 1.     <!-- [endif] --> Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге атсалысу.

<!-- [if !supportLists] --> 2.     <!-- [endif] --> Оқушылардың құқық бұзушылығын сақтау

<!-- [if !supportLists] --> 3.     <!-- [endif] --> Мектептің қайырылымдылық көмектерін бақылау

Тыңдалды:

   Бірінші сұрақ бойынша Қамқоршылық кеңестің төрағасы  Д.Тайжанова  тыңдадық. Осы уақыт аралығында қамқоршылық кеңес мектептегі өткізілген іс-шараларға және ата-аналар жиналыстарына ғана қатысумен шектеліп жүргенін айтты. Атап айтсақ, мектепте өткізілген «Қолөнер» атты дарынды оқушыларға арналған байқау өтті. Осы  іс-шараға қатысып, оқушылардың өнерін көріп, ой бөлісіп, ізгі тілектерін А.Тасбатыров білдірді. Балалардың жасаған жұмыстарына ата –ана комитеті  А.Тасбатыров өз тарапынан балаларға жүлде алуға ақшалай (5000тг) көмек жасады.  І,ІІ,ІІІ орындар болды

Сынып жетекшілер тарапынан ұйымдастырлыған әр түрлі іс-шараларға да қатысып, жалпы сыныптың белсенділігін, ұйымшылдығын, білімділігіне басты назарда ұстауын байқап өз ой-тәжірибесімен бөлісті.

Екінші сұраққа Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырды.  Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Әр ай сайын кеңес отырысы болып өтеді. Кеңңес құрамында 10 адам бар. Кеңес төрайымы мектеп директоры және мектеп ұстаздарынан құралғанҚылмыстың алдын  алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Бүгінгі күні мектептегі мектептен тыс  оқушы қосымша біліммен қамтылып отыр.

 Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы біздің мектебімізде  мысалы қалалық ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрұған бала жоқ, мектепішілк ішінде 3 бала тіркеуде. Қазіргі таңда тәртіптерінің түзелуіне байланысты сынып жетекшінің және мектеп ұжымы, тәрбие бөлімінің атқарылған жұмыстарына байланысты 2 баланы мектепішілік есептен алып тастауды қарастырып отырмыз.

 Үшінші сұрақ бойынша мектептегі  сыныптан тыс іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өтілу барысы жайлы директордың  тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары А.Б.Муканова  айтып өтті. Әсіресе қамқоршылық кеңес мүшелеріне жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жүргізілетін іс-шараларға қатысуы   және мектепте жағдайы төмен отбасылардың көп болуына байланысты көмек қажет ететін отбасыларға көмек көрсету мақсатындағы «Қайырымдылық» акциясы жайлы айтып, алдағы күндерде   рейдтік іс-шараларға қатысып белсенділік танытуға шақырды. Осы мақсатта тұрмыс жағдайы төмен отбасы Қасенғали Жанерке 4 «ә» сынып оқушысы, Лухманов Азиз 4 «в» сынып оқушысына азық-түлік және ақшалай көмек көрсетіп, үйіне рейд жасауды ұсынды.

 

Шешімі:

<!-- [if !supportLists] --> 1.     <!-- [endif] --> Қамқоршылық кеңестің мүшелері мектепішілік іс-шараларға қатысуы жалғасын тапсын.

<!-- [if !supportLists] --> 2.     <!-- [endif] --> Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілетін сынып жиналыстарына, іс-шараларға қатысуын сұраймыз;

<!-- [if !supportLists] --> 3.     <!-- [endif] --> Кеңес мүшелері «Қайырымдылық» акциясына қатысып, белсенділік көрсетсін;

 

 

Мектеп директоры                                            Р.Н.Керейбаева

Кеңес төрағасы                                                           Г.Милиханов

Хатшысы                                                           Ш.Амантаева