№ 17 орта мектептің қамқоршылық кеңес отырысының № 1 хаттамасы
№ 17 орта мектептің
қамқоршылық кеңес
отырысының
№ 1 хаттамасы
Өткізілген уақыты: 15.09.2017 жыл
Өткізілген орны: АКТ залы
Отырыстың басталуы: 17.00 сағ.
Отырыстың төрағасы: Ж.Андасбаев
Қатысқандар:
1. Д.Тайжанова -
2.С.Ш.Салхимбаева
3.Г.Б.Борибаева -
4.Г.Б.Луценко
5.А.Тоқпақова
6.Ж.Рысбаева
7.И.Т.Ким
8.Е.А.Клеймуш
Қатыспағандар: Жоқ
Шақырылғандар: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Бексұлтанова
Күн тәртібі:
1. Мектептің қамқоршылық кеңесінің нұсқауымен танысу.
2. Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөлу (төрағасы, орынбасары, жауапты
хатшы).
3. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары.
4. Сыныптан тыс ертеңгіліктерді ұйымдастыру және өткізу.
Тыңдалды:
Бірінші сұрақ бойынша Қамқоршылық кеңестің төрағасы Ж.Андасбаевты тыңдадық. Қамқоршылық кеңес қызметінің және оның сайлау тәртібімен таныстырды, мектептің барлық жұмыстары тыңғылықты және уақытымен атқарылатыны туралы айтты.
Екінші сұрақ бойынша кеңес мүшелерінің міндеттері жайында айтылды.
Үшінші сұрақ бойынша қамқоршылық төрайымы жұмыс жоспарымен таныстырды, ал отырыс мүшелері болса осы жұмыс жоспарымен келісті.
Төртінші сұрақ бойынша сыныптан тыс іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өтілу барысы жайлы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Бексұлтанова мәлімет берді.Л.Бексұлтанова ,әсіресе қамқоршылық кеңес мүшелеріне жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жүргізілетін іс-шараларға қатысуы жайында айтып, алдағы күндерде ата-аналар ,ұстаздар және оқушылармен бірлесе өткізілетін іс-шараларға тоқталып өтті.
Қаулы:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> 2017-2018 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары іске асырылсын;
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Қамқоршылық кеңестің мүшелері мектепішілік іс-шараларға белсене қатыстырылсын.
Кеңес төрағасы Ж.Андасбаев
Хатшысы С.Шалхимбаева