№ 17 орта мектептің қамқоршылық кеңес отырысының № 4 хаттамасы
№ 17 орта мектептің
қамқоршылық кеңес
отырысының
№ 4 хаттамасы
Өткізілген уақыты: 14.05.2018 жыл
Өткізілген орны: 206 кабинет
Отырыстың басталуы: 10.00 сағ.
Отырыстың төрағасы: Д.Тайжанова
Қатысқандар:
1.С.Ш.Салхимбаева
2.Г.Б.Борибаева -
3.Г.Б.Луценко
4.А.Тоқпақова
5.Ж.Рысбаева
6.И.Т.Ким
8.Мектеп директоры Р.Керейбаева
9.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Л.Бексұлтанова
Қоғамдық ұйым жетекшілері -5
Қатыспағаны- жоқ
Күн тәртібінде:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Қамқоршылық кеңестің атқарылған жұмыстары жайлы есебі
Д.Тайжанова
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> «Қамқорлық» акциясының іс-шара жоспарының орындалысы туралы
С.Салхимбаева
Тыңдалды:
2017 – 2018 оқу жылының жарты жылдығындағы қамқоршылық кеңесінің атқарылған жұмыстар жөнінде мектеп директоры Р.Керейбаева баяндап өтті. Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚРБжҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде қамқоршылық кеңесі құрылып, ережеге сай жұмыстануда.
Қамқоршылық кеңес құрамының қолдауымен мектептің оқу- тәрбие үрдісіндегі жұмыстар және жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламасының орындалуы жөніндегі жұмыстарға ата –аналардың бірігіп ынтымақты жұмыс жасауда көп септігін тигізуде. Мектепішілік қамқоршылық кеңестің қолдауымен оқу жылы басынан бері қыркүйек айында -2 оқушыға, қаңтар айында - 1 оқушыға қамқоршылық жасалды.
«Түңгі қала» рейдтері жоспарға сай ұйымдастырылып, кезекшілік кестесі шығарылды. Кестеге сай мектеп мұғалімдерімен бірге мектептің қамқоршылық кеңес мүшелері біріккен түрде рейдке шығып, оқушылардың, ата-аналардың әлеуметтік жағдайымен және оқушылардың күн режимінің сақталуын қадағалап,ата-аналармен, оқушылармен түсінік жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Мектепішілік қамқоршылық кеңесі үнемі мектеппен тығыз байланыста жұмыстанып келеді.
С.Салхимбаева
Мектепішілік «Қамқоршылық» акциясының іс-шара жоспарының орындалысы туралы хабарлама жасады. Хабарлама барысында мектепішілік қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлескен түрде жұмыстанып отырғандығына тоқталды.
Шешімі:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Қамқоршылық кеңестің 2017-2018 оқу жылының ІІ жарты жылдығындағы атқарған жұмысы қанағаттанарлық деп бағалансын.
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> «Қамқорлық» акциясының іс-шара жоспарының орындалысы туралы хабарлама қаперге алынсын.
Кеңес төрағасы Д.Тайжанова
Хатшысы А.Болдыбаева