Қамқоршылық кеңес отырысына хаттама № 1
«№17 орта мектебі» КММ
Қамқоршылық кеңес отырысына
хаттама № 1
29.08.2018ж.
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі,
11 қамқоршылық кеңесінің мүшелері
Қатыспағаны: жоқ.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> 2018-2019 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру;
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы;
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> Материалдық көмекке мұқтаж оқушыларды анықтау;
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына сай бес күндік аптаны енгізуін жүзеге асыруға бағытталған іс-шарамен таныстыру;
Тыңдалды:
- Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғ.Милиханов Қамқоршылық кеңес мүшелері 11 адамнан құралады деп, оларды атап өтті. Сондай – ақ Қамқоршылық кеңесінің жылдық жоспарымен де таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңес міндетінің бірі – мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болып табылады. Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерінің қызмет тиімділігі– бұл бюджеттен тыс қаржыны тартудың тиімді, заңдылықты сауатты инструменті ғана емес, сонымен қатар, мектепке, педагогикалық ұжымға және оқушыларға көмек көрсетудің ең тиімді тәсілі, - деп сөзін аяқтады.
- Екінші мәселе бойынша, Қамқоршылық кеңес мүшесі А.Тасбатыров өз сөзінде мектепте «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы №03-3213 хатына сәйкес. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы өткізілді. Биылғы жылы акция әлеуметтік бағыттағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен өтіп жатыр. Осы ауқымды іс-шараға бұйрық шығарылып, жоспары бекітілді. Бұл акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы халықта ақпараттандыру, ауылымыздың көпшілік жерлеріне үндеу хаттар түрінде бұрыштар құрылып, шаруашылық қожалықтар мен ұйымдарға осы акцияға қатысу туралы үндеу шығарылып, таратылғандығы туралы айтты.
- Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, әлеуметтік педагог Ш.Амантаева сөзінде жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында рейд жүргізілді. Ең бірінші жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға барып, қай баласы неге мұқтаж екендігін бақылап, содан кейін басқа да үйлерді араладық. Барлығына оқу құралдары, мектеп формасы, спорттық киімдері мен аяқ киімдер керектігі анықталды.
- Төртінші мәселе бойынша, мектеп директоры Р.Н.Керейбаева «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы сөз қозғады. Биылғы жаңа оқу жылындағы республика бойынша жаңартылған білім мазмұнына сай бес күндік оқу жүйесін аптаға енгізуін және көшетінін айтты. Аталған сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктіліктерін арттыру курстарынан өткендігін баяндады. Ендігі кезекте бес күндік оқу аптасы туралы шешімді мектеп әкімшілігі Қамқоршылық кеңес мүшелерімен ата – аналар қоғамдық кеңес мүшелерімен келісе отырып қабылдайтынын айтты. Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнына жылдам серпіліс беріп, өзгерісті қажет ететінін айтып өтті.
Ұсыныс:
1.Қамқоршылық кеңес жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіліп, жандандырылсын;
2.«Мектепке жол» акциясы қарсаңында аз қамтылған, жартылай жетім және көпбалалы отбасынан шыққа оқушыларға көмек көрсету үшін демеушілермен жақын қарым – қатынас орнатылсын;
3.Жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында рейд жұмысы жандандырылсын;
4.Мектепте 2018-2019 жаңа оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына енгізуін жүзеге асырылатын, осыған бағытталған іс-шаралар ата-ана қолдауымен орындалсын;
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Ғ.Милиханов
Хатшы: Ж.Рыспаева