Діни экстремизмнің алдын алу » №17 орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Діни экстремизмнің алдын алу
10
декабрь
2021

Діни экстремизмнің алдын алу

Мектебімізде ағымдағы жылдың қараша айының 30 жұлдызында «Діни экстремизм мен терроризм әлемге төнген қауіп» тақырыбы аясында оқушылармен жиын өткізілді. Аталмыш шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.А.Жумагалиев, мектеп психологы А.Мамырбаева, А.Маусанбекова және Алматы облыстық дін істер басқармасының маманы, дінтанушы, психолог Қанат Маратұлы қатысты. Жиналыста маңызды мәселелердің бірі турасында сөз алған Қанат Маратұлы өз тарапынан қауіпті діни ағымдар туралы,әлеуметтік желінің зардабы жайында, ата – анаға деген құрмет туралы түсінік берді. Аталмыш іс-шарада бала құқығы, тәрбиесі, мектеп өмірі, әлеуметтік сайттардың зияны, дін ағымдары, оқушы психологиясы, құқық бұзушылық сыңды өзекті тақырыптар қозғалып талқыға салынды.