ПЕДАГОГТІК БОС ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС » №17 орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» ПЕДАГОГТІК БОС ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС
11
август
2025

ПЕДАГОГТІК БОС ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС

ПЕДАГОГТІК БОС ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ)
УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС
1) Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -2 бірлік (тұрақты);
2) Педагог-психолог -1 бірлік (орыс сыныптарына, тұрақты);
3) Педагог-дефектолог-1 бірлік (уақытша);
4) Педагог-ассистент-1 бірлік (уақытша);
5) Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі-2 бірлік (1-оқыту тілі орыс (тұрақты), 1-оқыту тілі қазақ (уақытша);
6) Бастауыш сынып мұғалімі -1 бірлік ( оқыту тілі қазақ, уақытша);
7) Математика пәнінің мұғалімі-1 бірлік (оқыту тілі: қазақ, орыс, уақытша);
😎 Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-1 бірлік (тұрақты).
  Конкурс: ҚР ОАМ 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы негізінде өтеді.
Конкурстың өткізілетін күні:
28.08.2025 жыл
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі:
12.08-20.08.2025 жыл
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Талдықорған қаласы, Мүшелтой 32, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
тел: 8 (7282) 25-34-97, э/пошта: tdk-sh17@mail.ru.
Қажетті құжаттар ҚР ОАМ 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығының 113-тармағына сәйкес электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.
Функционалдық міндеттері: 
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
✓ Тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Педагог-психолог, педагог-дефектолог, педагог-ассистент
✓ Білім алушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Математика пәнінің мұғалімі
✓ Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
     Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаттың болуы.